Әжелер салған әндер-ай!

(1 Vote)

С.Көшекбаев атындағы мәдениет үйі мен аудандық аналар кеңесінің ұйымдастыруымен«Әже мен ана әні – қазақ әуендерінің сәні» атты әжелер (аналар) ансамбльдерінің аудандық фестивалі өтті.

Максаты - халық әндері мен патриоттық әндерді нақышына келтіріп орындау арқылы жас ұрпаққа үлгі, өнеге көрсету. Ұлтымыздың сарқылмас байлығы –байырғы дәстүрін саз өнерінің иірімімен ұштастыру. Кешегі күнге дейін еңбек етіп, зейнеткерлікке шыққан аналардың өмірлік белсенділігін арт¬тыру, қоғамдық жұмыстарға араласу мүмкіндігін ашу тұрғысында еді.

Жүргізуші Жазира Сәрсенғалиева көрерменге фестивальде ән ансамблі, яғни вокалдык орындаушылық, аспаптық музыкадан құралған әжелер ансамбльдерінің өнерін тамашалайтынынан хабардар етіп, қазылар алқасының құрамымен таныстырды.

Алғашқы болып сахна төріне көтерілген Орлы ауылдық округінен «Ынтымақ » әжелер ансамблі халық әндерінің қаймағын бұзбай шырқап, отандық сазгерлердің де туындыларын орындады. Жетекшісі мәдениет саласының ардагері Рая Елеусізова. Баянмен сүйемелдеуші Нұрхат Бралин.

1981 жылы Калинин кеңшарындағы клубта әйелдер кеңесінің ұйымдастыруымен «Ынтымақ» тәрбие клубы ұйымдастырылды. Оның жалғасы ретінде облыс, республика көлеміне танымал болған атақты «Батыр аналар» ансамблі құрылған болатын. Қазіргі құрамда әнші әжелердің ең үлкені сексенге жақындаса, жасы кішісі алпыстың ауылына ат басын бұрған.

img_3079

Сафон ауылынан келген «Замандастар» әжелер ансамблі құлақтан кіріп, бойды алар әсем әндерін тамылжытты. Жетекшісі Болат Настагинов. .

i

Бастарын қосқандарына үш-төрт жылдың жүзі болғанмен, сахна мәдениетіне сыралғы болып қалған құрманғазылық «Ақтілек» әжелер ансамблі өз өнерлерін іркілместен ортаға салды. Ансамбльдің жетекшісі: аудандық, облыстық, республикалық байқаулардың жеңімпазы, әнші Рысты Нәжімова. Сырнайда сүйемелдеуші «Музыка өнерінің үздігі», «Құрмет» дипломының иегері, жергілікті сазгер Есенғұл Қаражанов.Топ мүшелері қазақы аспаптарда әжептәуір жақсы ойнайды.

img_3084

Қазақылықтың қаймағын бұзбай, ұлттық үрдісті ұрпақ санасына сіңіруді парыз тұтатын мақаштық «Асыл әжелер» ансамблі 2000 жылдан бастап көпшілік назарында. Жетекшісі Наурызбай Тастемірұлы. Жаңадан бой көрсетіп жүрген еңбекшілік «Ақтолқын» аналар ансамблі сағынышқа айналған өткен жылдардың әндерін шырқады.

img_3088

Нұржау ауылдық мәдениет үйінің жанынан құрылған «Нұр шашу» әжелер және аналар ансамблінің құрылғанына бір жыл толып отыр. Жетекшісі Жанар Шайхымеденова. Іші әнге, сырты сәнге толған белсенді аналар мен әжелер дәстүрлі халық әндерін тамылжыта орындап жүр.

img_3090

Дыңғызыл ауылдық округінен келген «Маусымжан» әжелер ансамбілінің құрамында 6 өнерпаз бар. Олардың дені-көп балалы, ұлдарын ұяға, қыздарын қияға қондырған немере сүйіп отырған сүйікті әжелер. «Атадан қалған мол мұраны атаның көзін көрген ғана жеткізеді» дегендей нағыз қазақтың иісін шығарып, өз өнерлерін көпшілікке паш етіп жүрген Хиуаз ауылының «Нұршуақ» ұстаз аналар ансамблінің мүшелері сахна төріне қаз-қатар тізілді. Ансамбльдің құрамында 20 адам. Жетекшісі Людмила Шамарданқызы.

img_3095

Теңіздік «Нұрлы» әжелер ансамблі өз әуендері арқылы қайта оралмас жастық шақтың сағымдай бұлдыраған күндерін үлкендердің естеріне алғызды.

img_3097

2008 жылы құрылған шортанбайлық «Асыл аналар» ансамблі репертуарларындағы халық әндері мен ақазқ композиторларының әндерін ұсынды. Күй сандықпен сүйемелдеуші Жайдарлым Қабдрахманова.

img_3099

Ақкөлдік «Ақкөл әуендері» ансамблі ауылдық аналар кеңесінің жанынан құрылған. Жетекшісі білікті және тәжірибелі ардагер ұстаз Светлана Бердешова. Фестиваль барысында өнер ұжымдарының киімдері мен ән орындау шеберліктеріне, сахна мәдениетіне де айрықша мән берілді. . «Әннің де естісі бар, есері бар» дегендей әнші әжелер әр әнді тыңдарманға талмай жеткізуге, әсем әсерге бөлеуге тырысты. Ән – қазақтың жаны ғой. Әу демейтін қазақ жоқ демекші, ақ кимешекті, қапсырмалы камзолды киген әжелеріміз әр әнді тыңдарманға талмай жеткізуге, әсем әсерге бөлеуге тырысты.

img_3100

Фестиваль қорытындысымен бас жүлдені Жаңаталап ауылдық округінен келген «Нұршуақ» ұстаз аналар ансамблі жеңіп алды. І орын мақаштық «Асыл әжелер» ансамбліне бұйырса, ІІ орынға Құрманғазы ауылынан қатысқан «Ақтілек» әжелер ансамблі лайық деп танылды. ІІІ орынды нұржаулық «Нұр шашу» және дыңғызылдық «Маусымжан» әжелер ансамблі өзара бөлісті. Барлық қатысушыларға аудан әкімінің алғыс хаты мен естелік сыйлықтар табысталды.

А.Шакупова

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT