Асыл сөздің, сазды әуеннің қадірін білген елде руханиятта өшпейді. Осы ұстанымды ұстаған Атырау өңірі " Әже үні- өнеге жыры" әжелер фестивалін өткізді. Фестивальдің мақсаты - ел арасында құрметке бөленген ,өнегесімен өрнек болған әжелеріміздің шығармашылығымен таныстыру.
"Жылылық күннің көзінде, тәрбие әженің сөзінде" демекші бүгінде өткеннің өнегесіндей болған М.Әуезов жалпы орта мектебі жанынан 2023 жылы тәрбие ісі жөніндегі директор орынбасары Әсем Еркеғалиқызының бастамасымен құрылған "Ақ жаулығым қазынам" әжелер ансамблі облыстық фестивальге қатысты.
Фестиваль талабына сай Қазақстанның Еңбек ері, көрнекті композитор Илья Жақановтың бір әні мен халық әнін орындау тапсырылды. Облыс бойынша 12 ұжым қатысты. "Ақ жаулығым қазынам" әжелер ансамблі Илья Жақановтың "Нені ойладың" және халық әні "Дедімай - ау” әнін орындап, көрермен көңілінен шыға білді. Фестиваль нәтижесі бойынша "Лауреат" атағына ие болып, сондай- ақ Қазақстанның Еңбек Ері, КР Парламеті Мәжілісінің депутаты, "Ардагерлер ұйымы" РКБ Орталық кеңесі төрағасы Бақтықожа Ізмұханбетовтің, облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы М.Өтешовтің және облыстық әжелер алқасының төрайымы З.Дүйсенованың алғыс хаттары мен 300000 мың теңге сертификаты әжелер ансамблінің жетекшісі Сандуғаш Қыдыршаеваға табысталды.
Бұл ансамбльді облыстық фестивальға аудан өнерпазы Раушан Сәрсенова апарды. Әжелер өнері, әжелер мектебі олардың өнегесі- бүгінгі қоғамда баға жетпес байлық, бойға тереңнен сіңіретін таптырмас тәрбие құралы. Фестиваль мүшелеріндегі әзиз әжелер - кейінгі ұрпаққа тек ізеттілік танытып қана қоймай қандайма шаралардың басы- қасынан табылып жүрген ұйымдастырушылар. Мектепте түрлі шараларға қатысып салт-дәстүрлерді әдет- ғұрыптарды жастарға насихаттауда. Алға қарайда ансамбль шығармашылық белсенділігін арттыруда жұмыстана бермек.
Өз тілшіміз