Жақында Біріккен Араб әмірлігінің Фуджейра қаласында әлемнің 30 елінен 2 мыңға тарта спортшы қатысқан «FUDJAIRAN OPEN 11G2» атты халықаралық турнир өтті.
Оған жерлесіміз, таэквонданың жас жұлдызы, Абай атындағы орта мектептің 8 «а» сынып оқушысы Нұрайлым Бақытжанқызы қатысып, алтыннан алқа таққан болатын.
Нұрайлым таэквондадан Қазақстан чемпионы, республикалық және халықаралық жарыстардың бірнеше дүркін жеңімпазы, болашағынан зор үміт күттірер жас спортшы.
Жеңімпаз жерлесімізді Құрманғазы аудандық балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің директорының міндетін атқарушы Е.Рамазанов және мектеп жаттықтырушылары қабылдап, құрмет көрсетті.
Алдағы күндерде де алған бағытыңнан тайма, жұлдызың жарқырай берсін деген ізгі тілегін жеткізіп, Алғыс хаты мен сый-сияпатын ұсынды.
Еліміздің абырой-беделін асқақтатып, көк байрағымыз бен Әнұранымызды өзге мемлекеттің төрінде биіктете беретін осындай жастарымыздың қатары көбейе берсін!