Ә.Сәрсенбаев атындағы жалпы орта мектебінде “Жеңге мінезімен көркем” тақырыбында өрбіген кезекті дәріс сабағы өткізілді.
Сабақтың құрылымы төмендегідей:
*Көңіл-күй тренингі;
*Сіз қандай жеңгесіз?
*Егер блогер болаңыз
*Отбасындағы татулықта жеңгенің рөлі атты айдарларға тоқталып өтілді.
Сабаққа қатысқан ауылымыздың келіндері, жеңгелер өз ойларын ортаға салып, жеке өмірлерінде қолданып жүрген кеңестерімен бөлісті. Жоғарыдағы аталған құрылымдар бойынша жеңгелер өздеріне түскен сұрақтар бойынша пікір алмасты.
Отбасында қайынжұртын қалай атауға болатыны жөнінде кеңестер болды. Жаңа түскен келіндердің жаңа ортаға сіңуі жөнінде де көреген жеңгелердің ақыл-кеңестері тыңдалды.
Жеңгелер клубының жетекшісі Венера Ожанова отбасылық татулықта жеңгенің рөлі қандай болмақ? деген тақырыптар төңірегінде ой өрбітті. Сабақ барысында қайынжұртының жақсы тұстарын айту жөнінде, бір-бірімізге жүрекжарды тілектерімізді, жылы лебіздерімізді білдірдік.
Шара соңында сыйлықтар таратылып, мерекелік ән-шашумен аяқталды.
Асыл да аяулы ауылымыздың ұрпақ көбейтіп, тәрбиелеп отырған келіндеріміз, жеңгелеріміз сіздер әр отбасының айнасысыздар, отбасыларыңызда айналарыңыз жарқырай берсін демекпіз!
Ж.Мұстажапқызы