Жедел жәрдем бекеті ашылды

(0 Votes)

Атырау облысы жедел жәрдем станциясы шалғай ауылдар тұрғындардың өтініштеріне орай Байда ауылдық округі орталығынан жедел жәрдем бекетін ашты. Жаңа нысан ауылдық дәрігерлік амбулаториялық пункттің  ескі ғимаратында орналасып, шақырту түсірген науқастарға алғашқы медициалық  көмегін көрсететін болады.  

Ашылу салтанатында сөз алған аудан әкімінің орынбасары Нұрлыбек Қалиев қазіргі кезеңде денсаулық сақтау мәселесі алдыңғы қатарға шыққанын назарға берді.  - Халықтың денсаулығы, өмір сапасы еліміздің белсенді дамуына, экономикасына, әсіресе әлеуметтік жағдайының жақсаруына ықпал ететіні сөзсіз. Сондықтан да мемлекетіміз медциналық қызметтердің сапасы мен қолжетімдігін барынша арттырып келеді. Біздің аудан көлемінде де бұл бағытта бірқатар игі істер атқарылды. Өткен жылғы заманауи көп бейінді аурухананың ашылуының куәсі болсақ, бүгін міне тағы да баршамыз үшін үлкен қуанышты күн. Өйткені, жедел жәрдем көмегі халыққа барынша жақын болсын деген мақсатпен жаңа медициналық нысан іске берілгелі тұр. Бұрындары мұндай қызмет тек аудан орталығы тұрғындарына ғана қолжетімді болса енді шеткері аймақтағы округтегілер де игілігін көретін болады. Қамту аймағы барынша тиімді болуын ескеріп, осы маңызды нысанды тоғыз жолдың торабында орналасқан Котяев елді мекенінен ашу ұйғарылды. Сонымен қатар, қазіргі пандемиялық жағдайға орай шекарада орналасқан санитарлық-бақылау пунктінің жұмысына да үлкен көмегін тигізеді деген ойдамын. Болашақта да ауданымыздың кейбір ауылдарына денсаулық нысандары салынып, барларына күрделі жөндеу жүргізілетін болады, - деп тұрғындарды құттықтады.

zhedel-zhrdem-ashyldy5

zhedel-zhrdem-ashyldy2

Келесі кезекте Атырау облысы жедел жәрдем стансасы директорының орынбасары Наргиза Баймулданова  облыс, аудан орталығы тұрғындары қандай сапалы жедел медициналық көмек алса шалғай ауылдағылар да сондай қызметпен қамтылатындығын жеткізді. Байда ауылдық ардагерлер кеңесінің төрағасы Якуб Өтепбергенұлы Қиғаш өзенін жағалай қонған ауылдардың тұрғындарына жедел көмек көрсететін нысанның ашылуына себепкер болғандардың баршасына разылығын білдірді.

zhedel-zhrdem-ashyldy6

zhedel-zhrdem-ashyldy4

 

Бұдан соң салтанатты жағдайда ғимарат алдына керілген лентаны қию рәсімі өтіп, қызмет  бөлмелері таныстырылды. Аудандық орталық аурухананың директоры Гүлсара Мүтиева жедел жәрдем бекетіне орын қарастырып, жеңіл жөндеуін жүргізген Байда ауылдық округінің әкімі Жүсіп Төреғалиевке ризашылығын білдірді. Атырау облысы жедел жәрдем стансасы директорының орынбасары Наргиза Баймулданова бекетке пайдалануға берілген небулайзер, кардиометр, глюкометр, ИВЛ аппараты сияқты басқа да қажетті заманауи жабдықпен жарақтандырылған жеңіл жәрдем көлігін жұртшылыққа көрсетті.

zhedel-zhrdem-ashyldy1

zhedel-zhrdem-7

Сондай-ақ, ғимараттың екінші бөлігінде массаж кабинеті жұмыс жасайды. Онда арнайы сертификаты бар маман Жұмашева Айгүл балаларға массаж жасау қызметін көрсетеді.

А.НӘЖІМОВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521