Жеңістің аты жеңіске жетті

(0 Votes)

Ұлы Жеңістің 74 жылдығына орай Жапырық елді мекенінде 21 шақырымдық аламан бәйге ұйымдастырылды. Жарыс жолына ауыздығымен алысқан 14 сәйгүлік шықты.

«Жүйріктен жүйрік озған» сайыстың соңына дейін мықтылар ғана шыдап бақты. Бар болғаны төрт ат қана мәре сызығын қиды. Бас бәйгені Мақаш өндірістік кооперативінің төрағасы Жеңіс Абулхайровтың жиренқасқасы жеңіп алды, шабандозы Елдос Ғалижан. Екінші болып Сафон ауылдық округінің шаруа қожалығы иесі Бауыржан Жұмақашевтың «Тұйғын» атты торысы келді, шабандозы Хамитов Бекежан. Ақкөл ауылдық округінің тұрғыны Ерсайын Қасимовтың «Сұңқар» атты жирентөбелі үшінші орыннан көрінді.
​Үшінші орынның 200 мың теңгелік жүлдесін аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Орынғали Құмарғалиев, үшінші орынның 300 мың байрағын аудандық мәслихаттың хатшысы Нұрлан Құсайынов табыстады. Бас жүлде – 500000 теңгені аудан әкімі Қайрат Нұртаев табыс етті.
​Мерекелік шаралар театрландырылған көрініспен, балуандар күресімен жалғасты. Аудан әкімі Қайрат Нұртаев жиналған жұртшылықты мерекемен құттықтады.
А.Нәжімов

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT