Атырау аймақтық дене тәрбиесі және спортты дамыту орталығының ұйымдастыруымен аудан мектептері арасында туризмнен облыстық біріншілік өтті.
Ауданымыздың оқушылары 8 номинация бойынша қатысып, командалық есепте I орынды жеңіп алды.
Атап айтсақ, Бегалиев, Ақкөл, Ғ.Мүсірепов, Ф.Оңғарсынова, Әуезов жалпы орта мектептерінен О.Тұмақ, Ұ.Сайлауова, Р.Таңатар, Ә.Теміржан, Т.Қайсағалиев, К.Сисембиева, С.Мажитов, Д.Ерғали өз білімдерін көрсетіп, жақсы нәтижеге қол жеткізді.
Осы жарысқа оқушыларды дайындаған ауданымыздың туристер бекеті үйірмесінің жетекшілері: Бегалиев жалпы орта мектебінің биология, химия пәнінің мұғалімі Г.Нысанова, Ақкөл жалпы орта мектебінің дене пәнінің мұғалімі Е.Сарсенбаев, Ғ.Мүсірепов жалпы орта мектебінің дене пәнінің мұғалімі Б.Мажитов, Ф.Оңғарсынова орта мектебінің әскери дайындық пәнінің мұғалімі Н.Ертаев, Әуезов орта мектебінің дене пәнінің мұғалімі Ш.Бимурзаеваның еңбектері зор.
Еркеназ Қалижан