Жазылуда белсенділік танытқандар марапатталды

(0 Votes)

2021 жылдың І жартыжылдығына мерзімді баспасөзге жазылу ауданымызда өз дәрежесінде өтті. Осыған орай аудан әкімдігінде аталған науқанды  ұйымдастыруда белсенділік танытқан округ әкімдерін марапаттау рәсімі ұйымдастырылды.

Шараны аудан әкімінің орынбасары Нұрлыбек Ғаділханұлы ашып:

– Баспасөзге жазылуда Құрманғазы ауданы тағы да бірінші орынға шықты. Біз бірнеше жыл бойы осылай алда келеміз. Күні кеше Тауман Амандосов атындағы Атырау облысы әкімінің сыйлығын табыстауда да аймақ басшысы Махамбет Жолдасқалиұлы Құрманғазы аудандық «Серпер» қоғамдық-саяси газетінің таралымы бойынша облыста алда тұрғанын атап өтіп,  «Үздік аймақтық редакция-2020» аталымымен марапаттады. Бұл ауданымыз үшін үлкен мерей. Мұндай марапатты аудандық газет бірінші рет алып отыр. Редакция ұжымын жеткен биігі үшін құттықтаймыз! Газет таралымының артуына аудан әкімдігімен қатар осы отырған сіздердің де қосқан үлестеріңіз зор, - деп құттықтау және марапаттау үшін сөзді аудандық «Серпер» газетінің бас редакторы Айнагүл Шакуповаға берді.

Сөзін келіп жеткен Жаңа жылмен құттықтап, індеттен аман шығайық деген ізгі тілегімен бастаған Айнагүл Күнұзаққызы:

– «Жұмыла көтерген жүк жеңіл» демекші «Нар жолында жүк қалмайтынын» дәлелдеп, былтырғы жылы баспасөзге жазылу науқанын абыроймен орындап, үлкен межені, 6710 дананы еңсердік. Бұл баршамыздың ортақ жеңісіміз деп есептеймін. Жаңа Нұрлыбек Ғаділханұлы атап өткендей «Үздік аймақтық редакция-2020» аталымын жеңіп алдық. Осының өзі бәріміздің ортақ қуанышымыз деп санаймын. Ауданымыздың үлкен абыройы, жеткен биігі, мәртебесі өсіп, мерейі тасып жатыр. «Газет оқырманымен бақытты, ғұмырлы» деп жатамыз. Біздің «Серпер» газеті көп жылдардан бері таралымы бойынша облыста алда келеді. Былтырғы жылы облыстық «Атырау», республикалық «Айқын» газетінің таралымы бізбен бірдей болды.  Мұның өзі аудандық газет үшін үлкен жетістік. 19 ауылдық округтің 17-сі болжамды артығымен орындады. Құрманғазы ауылдық округі болжамды артығымен орындап, бір өзі 1720 данаға жазылып, 2-3 округтің межесін еңсеріп, рекорд жасады. Сүйіндік, Асан ауылдық округтері ғана түрлі себептермен межеден шықпады. Кеше облыстық үлкен аталымды иеленіп жатқан кезімізде облыстық телевидениенің басшысы Қанат Әуесбайдың өзі әлеуметтік желіде бізді құттықтап, «Республикамыз бойынша таралымы 6700 данадан асқан Құрманғазы аудандық «Серпер» газетінен басқа аудандық газет бар ма?», деп жазыпты. Бұл аудандық газет үшін үлкен бақыт деп есептеймін. 6700 дананы еңсеруде аудан әкімі Қайрат Талапұлынан бастап, жергілікті округ әкімдерінің, мекеме, бөлім басшыларының, қолдау білдіретін Атымтай жомарт кәсіпкерлердің үлкен еңбегі бар, - деді.

baspaszge-zhazylu-marapaty

baspasz-marapat1

Редакция ұжымы атынан үлкен ризашылығын білдіріп, мерзімді баспасөзге жазылу қорытындысымен аудандық ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Зияда Садауақасқызына, Құрманғазы,Орлы, Теңіз, Жаңаталап, Ақкөл, Қиғаш, Бірлік, Еңбекші, Дыңғызыл,Сафон, Кудряшов, Нұржау, Шортанбай, Көптоғай, Азғыр ауылдық округтерінің әкімдері Абдуррахман Рахметұлы, Асқар Зинетоллаұлы, Анарбек Теміртасұлы, Олжас Сержанұлы, Бисембай Кәрімұлы, Жігер Махмудұлы, Гүлжазира Қайратқызы, Руслан Тасмұратұлы. Оралбай Нұржаубайұлы, Роза Шамарқызы, Сақтапберген Хилуұлы, Мұрабек Рифхатұлы, Мейіржан Жұмақайұлы, Қайрат Қуандықұлы, Жасұлан Жаңбырбайұлына және Байда ауылдық округінің маманы Алпамыс Құмарұлына, «Қазпошта» АҚ аудандық филиалы Котяевка, Құрманғазы пошта байланысы торабының қызметкерлері Света Мағзомқызы, Айбарша Зинорқызына алғыс хаттар табыс етті.
Марапаттау барысында Құрманғазы аудандық «Серпер» қоғамдық-саяси газетінің бас редакторы Айнагүл Күнұзаққызы Ақкөл, Қиғаш, Теңіз ауылдық округтерінің кездескен қиындықтарға қарамастан жасаған жұмысына ерекше тоқталып өтті.

baspasz-marapat2

Құрманғазы аудандық пошта байланысы торабының қызметкері Айбарша Зинорқызы:

– 2012 жылдан бері аудандық поштада жұмыс жасап келемін. Жыл сайын берілген жоспарды орындап жүрмін. Биыл 525 дана «Серпер» газетіне жаздырдым. Облыстық «Атырау» мен аудандық «Серпер» газеті бойынша өзіме берілген межеден шықтым. Бұл менің алғашқы марапатым, оны редакциядан алып жатырмын. Еңбегімізді елеп жатқандарыңыз үшін сіздерге үлкен рахмет! Аудандық басылымның таралуын арттыруда алға қарай да жұмыстана беремін,-деп ризашылығын білдірді. Әріптесі Света Мағзомқызы да осындай ізгі тілегін жеткізді.    

Қанат ҒҰМАРОВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521