Жазушы-журналист Қ.Ғұмаровпен кездесу кеші өтті

(0 Votes)

Приморье ауылдық клубында Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі, қарымды қаламгер, білікті журналист Ғұмаров Қанат Зарлыханұлымен "Жазушы ұлағаты" тақырыбында кездесу кеші өтті.

Кешті кітапхана меңгерушісі Ж. Өтешқызы жүргізді. Кеште округ әкімі К.Махсутов, ауылымыздың зейнеткер азаматы С. Калиев, клуб меңгерушісі Г.Насипова сөз сөйлеп тілек айтты. Қ.Ғұмаровтың өмір деректерінен бейнеролик ұсынылды. "Қарымды қаламгер" тақырыбында кітап көрмеге Жамбыл ауылдық кітапханашысы С.Зейноллақызы шолу жасады.

Оқырмандар Қ.Ғұмаровтың қаламынан туған өлеңдерін оқып, әндерін орындады және жас оқырмандар кеш қонағына сұрақтарын қойды.

Кеш қонағы ауыл әкімі К. Махсутовқа, және клуб, кітапхана ұжымына рахметін айтып, оқырмандарға естелік қолтаңбасымен кітабын сыйлады. Қ. Зарлыханұлының шығармашылығына сәттілік тілей отырып, қаламыңыз мұқалмасын, әлі де талай тамаша туындыларыңыздың куәсі болайық.

Округ әкімі аппаратының баспасөз қызметі.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT