Жазаны өтеудің жеңілі – қоғамдық жұмыс

(1 Vote)

Аудандық пробация қызметінің есебінде тұрған азаматтар ҚР Қылмыстық кодексінің баптарында көзделген дала жұмыстарына тартылуда.

Олар жергілікті әкімдік белгілеп берген, ағаш кесу, аудандарды көгалдандыру секілді қоғамдық жұмыстарды атқаруда. Бөлім қызметкерлері бұл азаматтар мен азаматшаларды жергілікті әкімдікпен бірге қадағалып отырады.

Қоғамдық жұмыстар сотталған адамның жергілікті атқарушы органдар ұйымдастыратын, белгілі бір біліктілікті талап етпейтін  тегін қоғамдық пайдалы жұмыстарды орындауынан тұрады. Қоғамдық жұмыстардан жалтарғандар заңға сәйкес жауапкершілікке тартылады.

А.Т.Қойшыбаева,

аудандық Пробация қызметі бөлімінің инспекторы,

 әділет аға лейтенанты

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521