Жазаны өтеудің жеңілі - қоғамдық жұмыс

(0 Votes)

Құрманғазы аудандық пробация қызметі бөлімі Атырау қалалық №2 сотының үкімімен ҚРҚК-нің 345-бабы 1-бөлігімен көзделген қылмыстық теріс қылықты жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оған 2 (екі) жыл мерзімге көлік құралын жүргізу құқығынан айырумен, 80 (сексен) сағатқа қоғамдық жұмыстарға тарту жазасына сотталған  Қ.Е. есепке алды.

Е.Қ.Қ. жаза өтеу тәртібі түсіндіріліп қоғамдақ жұмыстан жалтарған жағдайда, қоғамдық жұмыстардың орындалмаған төрт сағаты үшін қамаққа алудың бір тәулігі есебімен қамаққа алуға ауыстырылатыны түсіндірілді.

Қоғамдық жұмысқа тартылған сотталғандарды жолдамамен жергілікті әкімдікке жолдап, әрі қарай «Құрманғазы жолдары» ЖШС және Атырау облысы «Су арнасы » КМК аудандық филиалына жолданып қоғамдық жұмыстарды атқаруда.

Қоғамдық жұмыстар жергілікті атқарушы органдар қоғамдық орындарда ұйымдастыратын, белгілі бір біліктілікті талап етпейтін тегін қоғамдық пайдалы жұмыстарды орындауынан тұрады. Мұның бәрін пробация қызметі бөлімінің қызметкерлері жергілікті әкімдікпен қадағалап отырады. Егер, қоғамдық жұмыстардан жалтарған жағдайда заңға сәйкес жауапкершілікке тартылады.

 

Атырау облысы бойынша ҚАЖ департаменті

Құрманғазы аудандық Пробация қызметі бөлімінің

аға инспекторы әділет капитаны

А.Т.Қойшыбаева

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT