Жаз жайнатып, күн күлдіріп

(0 Votes)

Бала үшін қуаныш пен шаттыққа толы жаз келді. Осы кезде баласының жазғы демалысын қамдап, жаз маусымын есте қаларлықтай өткізуі үшін ата-аналар барын салады. Биыл арқаны кеңге салуға болатындай. Себебі, 2 жыл бойы пандемияға тап келген жазғы демалыстың қызығын көруге мүмкіншілік болмады. Шектеулерден баланың бәрі лагерьлерде демалудан шет қалды. Ал, биыл індеттің беті қайтты. Оқушыларға облыстағы жазғы лагерьлер есігін айқара ашады. Қазір мектеп жанындағы лагерьлер өз жұмысын бастап та кетті.

Жазғы тынығу шаралары балардың демалыспен, бос уақытпен қамтылуы және балалардың жұмыспен айналысуы болып екіге бөлінеді. Балалардың жұмыспен айналысуы жоспарға байланысты 1 маусым мен 31 тамыз аралығында жүргізіледі.

Қазіргі уақытта балалардың демалыспен және бос уақытпен қамтылуы бойынша жоспарлау көрсеткіш 8290 бала, 81 пайызды құрап отыр. Мектеп жанындағы тамақпен күндізгі лагерьге 1-12 маусым аралығында 32 мектепте 2000 бала қамтылуда. Сонымен қатар ауданымыздағы 5 қосымша білім беру ұйымдары бойынша жазғы үйірмелерге маусым, шілде, тамыз айларында 625 баланы қамту жоспарланды.

Аудандағы мектептер жанындағы күндізгі лагерьлер 1 маусымнан бастап лагерьдің ашылу салтанатын жасап, жоспарларына сәйкес жұмыстарын жүргізуде.

Қала сыртындағы лагерьлерге, атап айтқанда, «Бөбек» Ұлттық ғылыми-практикалық білім беру және сауықтыру орталығына Құрманғазы ауданы бойынша ата-ана қамқорлығынан айрылған және жетім балалар, экологиялық қолайсыз аймақтың балалары, көп балалы және күн көрісі төмен отбасылардан шыққан 5 оқушыны және «Балдәурен-Қапшағай» оқу-сауықтыру орталығына М.Әуезов атындағы жалпы орта мектебінің «Жас жол инспекторлары» командасы 23 маусым-14 шілде аралығында демалуға жолдама алды. Ресей Федерациясы, Железноводск қаласы, Иноземцево поселкесінде орналасқан «Қазақстан геологі» емдеу пансионатына аудан мектептерінен 4 кезең бойынша 120 оқушы мен 8 жетекші демалып қайтады.

 

Анар Сарсенбайқызы,
аудандық оқушылар үйі директорының
оқу-тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT