Аудан басшысы Шортанбай-Жыланды ауылдары арасында мердігер мекеме «Декор» ЖШС салып жатқан, ұзыны 108 метрлік жаяу жүргіншілер көпірінің құрылысында болды.
Нысан келесі жылы аяқталады. Мұнда да көпірдің тіреулері құйылып, үстіңгі бөліктері металлдан құрастырылады. Құрастырмалы бөліктер қазір жасалу үстінде. Құрылыс басында астыңғы тіреулерін құю жұмыстары жалғасуда.