Кеңес әскерлерінің Ауған жерінен шығарылғанына 35 жыл толуына орай аудан орталығындағы Боздақтар ескерткішіне гүл шоқтарын қою рәсімі өтті.
Алдымен марқұм болған интернационалист жауынгерлердің рухына үнсіздік жарияланып, тағзым етілді.
Аудан әкімінің орынбасары Амангелді Мұратов, аудандық ардагерлер, қоғамдық кеңесі шеруді бастап, одан әрі ауған, тәжік-ауған соғысы, аудандық қорғаныс, шекара бөлімдері, бөлім, мекеме қызметкерлері гүл дестелерін қойды.