Кудряшов ауылдық округіндегі 191 сайлау учаскесінде таң сәріден өзінің конституциялық борышын орындауға тұрғындар толассыз келумен болды.
Мұнда коронавирус инфекциясының таралмауына жол бермеу және санитарлық эпидемиологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша қажетті жұмыстар жүргізілген. Ең бірінші болып ауыл тұрғыны Айгүл Досниязова өз таңдауын жасады. Аталған сайлау учаскесінің төрағасы Сұлушаш Жаңбырбаева алғашқы үш сағатта 789 тұрғынның 185-ы дауыс беріп, жалпы белсенділіктің жоғары екендігін айтты. Мұнда 3 бақылаушы саяси науқанның өту барысын қадағалауда.
А.Шакупова