Жауапсыздық жарға жықпасын десек...

(0 Votes)

Аудан әкімдігі жанынан құрылған мониторингтік топ кезекті рейд шарасына шықты.

rejd22_10_20202

rejd22_10_2020

«Самаркин» мөлтек ауданындағы «Амир», «Арайлым», «Мерей-2» азық-түлік дүкендерінде санитарлық талаптар жақсы сақталған. Қызметкерлер Атырау облысы Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің Қаулысымен танысу парағына қолдарын қойды. Тексеру барысында «Ыстық нан» шағын наубайханасының қойма меңгерушісінің бетпердесіз жұмыс жасап жүргені анықталды. Мыңдаған тұрғынға ең басты тағамымызды ұсынатын жерде орын алған бұл әрекет көзімізге түрпідей көрінді.

Қызметкерден жазбаша түсініктеме алынды. Қадағалау жүргізілген «Ахат», «100 түрлі ұсақ-түйек» дүкендерінде адамдардың арақашықтығы сақталмаған. Аталмыш орындарға «жауапсыздық жарға жықпас үшін» жүктелген міндеттерге бей-жай қарамау қажеттігі ескертілді.

Еркеназ Қалижан

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521