Жауапкершілікпен атқаруды тапсырды

(0 Votes)

Аудан әкімі Марат Мурзиевтің 2021 жылғы 11 қазандағы № 383-ө өкімімен Хасанов Марат Ізмұханұлы «Атырау облысы, Құрманғазы ауданының құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы лауазымына тағайындалды.

Марат Ізмұханұлы 2009 жылы Атырау аграрлы-техникалық колледжін техник-жерге орналастырушы мамандығы және 2015 жылы Батыс Қазақстан инженерлік-гуманитарлық университетін техника және технологиялар бакалаввры бойынша тәмамдаған. Еңбек жолында 2012-2016 жылдары аудандық жер қатынастары бөлімінде геодезист, инструктор, қызметтерін атқарды. 2016-2018 жылдары аудандық құрылыс бөлімінде бас маман,  2018-2019 жылдары аудандық жер қатынастары бөлімінде басшы лауазымында болды. 2019 жылдан бастап аудандық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімінде басшының орынбасары қызметін атқарып келді.

Аудан әкімі М.Мурзиев М.Хасановтың жаңа қызметіне сәттілік тілей отырып, құрылыс саласында күрделеніп қалған біраз мәселелер барын қаперіне беріп, жұмысын жауапкершілікпен атқаруды тапсырды.

 

А.НӘЖІМОВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521