Жат ағым жақсылыққа апармайды

(0 Votes)

Азаматтардың діни сенім бостандығы құқықтарын қамтамасыз ету, жат ағымдарға қарсы иммунитет қалыптастыру мақсатында С.Көшекбаев атындағы аудандық мәдениет үйінде «Деструктивті ағымдар – халқымыздың қасіреті» атты кездесу шарасы өтті.

 Аудандық ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің бас маманы Жалғасбай Шамбузов алғашқы сөз алып, шараның маңыздылығына тоқталды.

Жиында «Жәрдем-Атырау» корпоративтік қорының директоры Артур Айтмағамбетов пен «Шапағат» деструктивтік діни ағымдардан жапа шеккендерге көмек орталығы қоғамдық қорының теологы Ринат Орынғалиев ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 453 және 490-баптарында көзделген құқықтық жауапкершілік жайында кеңінен мағлұмат берді. Өткен жылы аталған баптар бойынша 50 тұлғаға хаттама толтырылған. Бүгінгі күнде ақпарат саласындағы ашықтық, ғаламтор жүйесі арқылы кез келген адамның хабар тарату мүмкіндігі – қандай да болсын материалдың сараптамадан өтпей, қоғамға қауіптілігі тексерілмей көпшілікке жол тартуына жол ашып берді. Әсіресе, дін саласында қай ақпараттың дұрыс, қайсысының жалған екенін ажырату қиынға соғуда.

Осыған сәйкес теологтар түсінік жұмыстарын жүргізіп, көрермендерге ресми мақұлданған әлеуметтік желі парақшалары жазылған бетшелерді таратты. ​Кездесуге қатысушылар көкейіндегі сұрақ-сауалдарына толыққанды жауап алып, діни тағылымы мол кітаптарға ие болды.

Еркеназ Қалижан

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT