Жат ағымнан сақтандырды

(0 Votes)

Тұрғындардың діни сауаттылығын арттыру, экстремизмнің алдын-алу, дәстүрлі рухани-имандылық, діни құндылықтарды насихаттау, кеңінен түсіндіру, дін саласындағы ақпараттық-ағарту жұмыс жүргізетін облыстық ақпараттық түсіндірме топтарының, облыс әкімімен бекітілген 2020 жылдың жұмыс жоспарына сәйкес, ағымдағы жылдың ақпан айының 25 – 26 күндері, облыстық АТТ мүшелерімен, Атырау облысы Дін істері басқармасмының «Ақпараттық - талдау орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен ауданымызда Құрманғазы аграрлы-техникалық колледжінде, Еңбекші ауылдық округ тұрғындары мен Еңбекші жалпы орта мектебінде, Б.Бегалиев жалпы орта мектебінде, Орлы ауылдық округ тұрғындары мен М.Манаев жалпы орта мектебінде, аудандық өрт сөндіру бөлімі ұжымымен және Құрманғазы ауылдық округінде ауыл үлкендері мен аудандық жастар ресурстық орталығының мамандарымен кездесу өтті.

img-20200225-wa0056

Аталмыш жиынға облыстан келген теолог Омаров Мұхиддин және ҚР-ның арнайы «Жусан-2» операциясы арқылы Қақтығыс аймағынан елге оралған (Сирия) қандас қарындасымызбен екі күндік іс-сапар барысында жастарға тәрбиелік мағынасы бар рухани кездесу өтті.

Жиын барысында сөз алған М.Омаров дәстүрлі діни бағыт пен қазақ даласына алғаш ислам дінінің келуінен бастап, қазіргі күнге дейінге елдегі діни жағдайды кеңінен баяндап берді. «Жусан» операциясы арқылы қақтығыс аймағынан елге оралған П.Еркінбай басынан өткен оқиғаны баяндап берді. Ауылдық округ ақсақалдары мен мектеп ұжымы қызметкерлерінен П.Еркінбай мен М.Омаровқа көптеген сұрақтар қойылды.

Е.Боранғалиев,

аудандық ақпараттақ-талдау орталығының басшысы

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT