З.Серікқалиұлы мектеп-интернаты ұжымы,оқушылар мен қызметкерлер республикалық «Жасыл мекен» челленджін қолдап, өз үлестерін қосты.
«Жасыл мекен» челленджі көктемде көшет отырғызу арқылы қоршаған ортаға ұқыптылықпен қарауды дәріптеумен қатар, еңбек құндылығын қалыптастыруға, айналаны көгалдандыруға, абаттандыруға арналған оң бастама болып табылады.