«Жасыл елдіктер» жасақталды

(1 Vote)

Елімізде жастар саясатына көңіл көп бөлінуде. Солардың бірі – «Жасыл ел» бағдарламасы.

2005 жылдан бері жүзеге асып келе жатқан кешенді жобаның әр аймақта өз штабы құрылып, бүгінде жұмысы дөңгеленіп отыр. Нәтижелі еңбектің көрінісін байқап та жүрміз. Аталмыш бағдарлама биыл да ауданымызда өз жалғасын тапты.

–Маусым айынан бастап ауданымыздың «Жасыл ел» жастары дәстүрлі көгалдандыру жұмысына кірісіп кетті. Бұл жасақтың сарбазы болу – қазіргі таңда үлкен бедел. Олай дейтініміз, студенттер бос уақытында еліне қызмет етіп, туған жерін гүлдендіруге, көгалдандыруға ат салысса, екіншіден жазғы демалысын тиімді өткізеді. Бүгінде бірінші кезеңнің 40 сарбазы өз жұмыстарын бастап кетті,-дейді аудандық «Жасыл ел» еңбек жасағы штабының жетекшісі Дархан Мұратқызы.

Жастарды еңбексүйгіштікке тәрбиелеу, өңірімізді абаттандыру мақсатында «Жасыл ел» еңбек жасағының құрамына пандемияға байланысты 100 адамды жұмыспен қамту жоспарлануда. Десе де,  бұл көрсеткіш өткен жылдармен салыстырғанда 3 есе аз. Ал бұған тіркелу онлайн форматта жүргізілді.  Жасақшылар осы маусымдағы еңбегі үшін 65 000 теңге жалақы алады. Жастар  үш кезең бойынша еңбек етеді. Жұмыс кестесі дүйсенбі мен жұма аралығын қамтиды. Жасы 18-ден асқандары сегіз сағат, ал кәмелет жасына жетпегендер жеті сағат қызмет етеді. Сондай-ақ, жас жұмысшыларға еңбек шарты мен жұмыс тәртібі түсіндіріліп, еңбек формасы да тапсырылды.

zhasyl-el-studentter_jpg1

 

Жайдарлым Еркебұланқызы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT