Бүгінде аудан бойынша төрт елді-мекенде «Жасыл ел» жасағының салтанатты ашылу рәсімі өткен болатын. 16-29 жас аралығындағы жастарды еңбекке араластырған ұйымда 80 құрманғазылық жұмыс жасауда.
Оның 35-і Құрманғазы, 10-ы Орлы, 10-ы Сафон, 10-ы Еңбекші ауылдық округтерінде болса, қалған 15-і құрылыста жұмыс жасайды. Жұмысшылар бір айда 65 000 теңге, қосымша аударымдарымен қолға 51480 теңге жалақы алады. Жетекшісі – Жастар ресурстық орталығының бас маманы Мархат Гумарова. Жауапты маманның айтуынша, биыл аудан бойынша 210 квота бөлініпті. – Гугл платформасы арқылы арнайы сілтемемен 11-30 мамыр аралығында жасаққа тіркелу жүргізілді. Оған 200-ден астам аудан жастары ниет білдірді. Біз сол деректерді нақтылай келе жаздың үш айына жұмыс күшін бөлдік. Мұндағы бір сарбаз тек бір ай ғана еңбек етеді. Қазіргі таңда, 175-көгалдандыру, 35-құрылыс бағыты бойынша жұмыс істейді. Оның ішінде 12 жұмыссыз жүрген жастар да еңбекке араласты,-дейді Мархат Тұрланқызы. Сарбаздар күніне 8 сағат жұмыс регламентімен әкімшілік мекемесінің ауласы мен айналасындағы шөптерді жұлып, жасыл-желекті күтіп баптауда. Сонымен қатар, мәдени шаралар мен түрлі тренинг-сайыстарда белсенділік танытып келеді.
Айта кетейік, «Жасыл ел» еңбек маусымы тамыздың 31-не дейін жалғасатын болады.
Жайдарлым Қайреден