“Жасыл ел” жастар еңбек жасағының 2 тобының сарбаздары өз жұмыстарын мәресіне жеткізді

(0 Votes)

Сарбаздар бір ай бойы тәуелсіздік саябағында отырғызылған жас талдарды баптап, арам шөптерден тазартып, боздақтар алаңын, қуғын- сүргін құрбандарын еске алатын тақтайша ескерткіштердің аумағын тазартып, "Ардагерлерді ардақтайық" акциясы аясында қарияларымыздың үйлеріне барып, қолғабыс жасады.

Сонымен қатар, “Таза өлке-жанға сая” атты Trashtag акцияларына белсене араласып, "Таза өмір- таза аймақ " атты 200 адамдық экошарамызға белсенді қатысып, Самаркин елді мекенінде орналасқан балалар ойын алаңын ретке келтірді.

“Жасыл ел” сарбаздарымен бірге маусымды қортындылау жиналысы өткізілді. Аудандық “Жасыл ел” координаторы Иргазиева Дархан Мұратқызы екінші топтың жұмысына қорытындылап, нәтижелік баға берді.

Орталық басшысы Бекзат Абатұлы сарбаздарды арнайы дипломдармен марапаттап, өз алғысын білдірді. Өз кезегінде қызмет атқарған жастар демалыстарын бос өткізбей, тиімді пайдалануға мүмкіндік жасағандары үшін орталық басшысы Бекзат Абатұлы мен координатор Дархан Мұратқызына шексіз алғыстарын білдірді.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT