12 шілде күні “Жасыл ел” жастар еңбек жасағының 1 тобының сарбаздары өз жұмыстарын мәресіне жеткізді. Сарбаздар бір ай бойы тәуелсіздік саябағында отырғызылған жас талдарды балаша баптап, арам шөптерден тазартып, қуғын- сүргін құрбандарын еске алатын тақтайша ескерткіштердің айналасын арамшөптерден тазартып, "Ардагерлерді ардақтайық" акциясы аясында қарияларымыздың үйлеріне барып, қолғабыс жасады.
Сонымен қатар, “Таза өлке-жанға сая” атты Trashtag акцияларына белсене атсалысып, Самаркин елді мекенінде орналасқан балалар ойын алаңын ретке келтірді. “Жасыл ел” сарбаздарымен бірге маусымды қортындылау жиналысы өткізілді.
Жаз бойы жасалған жұмыстарды қорытындылап “Жасыл елге” координаторлық қызмет еткен жастар ресурстық орталығының бас маманы Иргазиева Дархан Мұратқызы бір ай бойы жасалған жұмысқа қорытынды анализ жасады. Қызмет атқарған жастар демалыстарын бос өткізбей, тиімді пайдалануға мүмкіндік жасағандары үшін орталық басшысы Бекзатқали Абатұлы мен координатор Дархан Мұратқызына шексіз алғыстарын білдірді. Сарбаздардың жаз бойы жасаған еңбектері еленіп, Жастар ресурстық орталығының арнайы дипломдарымен марапатталды.