Мал шаруашылығы кәсібімен айналысып отырған жеке және заңды түлғалар ағымдағы жылдың 1 ақпан 31 мамыр аралығында «Ауылшаруашылығы жануарларын бірдейлендіру» дерекқор жүйесінде бұрын тіркелмеген ауылшаруашылық жануарларын тіркеу үшін «Жасыл дәліз- 3» ашылды.
Бұл дегеніміз, әр тұрғынға бұрын тіркелмеген ересек жануарларын өз атына тіркеп алуға мүмкіндік беріліп отыр. Ол үшін жергілікті жердегі ветеринариялық ұйымдарға барып өтініш берілуі қажет.
Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі №339 «Ветеринария туралы» Заңының 25-бабында жеке және заңды тұлғалардың жануарлар ауруларының, оның ішінде адам мен жануарларға ортақ аурулардың алдын алу жөніндегі міндеттер толық жазылған. Осыған байланысты, Сіздер әр туған малдарыңызды, ауырғаны, сатылғаны, сатып алғаныңыз жөнінде дер кезінде ветеринар маманға хабарлап отыруларыңыз қажет.
«Жасыл дәліз - 3» аясында дерекқор жүйесіне тіркелетін жануарлардың жас ауқымы 01.01.2000 – 01.01.2022 жылдар аралығын қамтиды. Ауылшаруашылығы жануарларын бірдейлендіру дерекқор жүйесіне тіркеу барысында «Шаруашылық бойынша есепке алу кітабы» бөлімімен сәйкес қамтамасыз етілуі керек. «Жасыл дәліз -3» шеңберінде ауылшаруашылығы жануарларын бірдейлендіру дерекқорына енгізілген деректер қайта өзгертілмейтіндігін ескертеміз.
Сондықтан, әр шаруашылық бойынша нақты тіркелетін жануарлардың есебі жүргізіліп, жоспары дайындалады.
Құрметті аудан тұрғындары
Өздеріңізге беріліп отырған мүмкіндікті пайдалана отырып, қолда бар бірдейлендірілмеген жануарларыңызды жергілікті ветеринар мамандарына өтініш бере отырып, бірдейлендіру жұмыстарына ат салысуларыңызды сұраймыз.
Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті Құрманғазы аудандық аумақтық инспекциясы