ЖАСЫЛ БОЛАШАҚҚА ЖОЛ САЛҒАН “АҚЫЛДЫ ЖЫЛЫЖАЙ”

(0 Votes)

Экология саласындағы жаңа серпін: Құрманғазы Эко тобы 1 миллион теңгелік грант иегері атанды!

Жүректен жүр"Жүректен Жүрекке" қоғамдық қорының әлеуметтік жобасы аясында жүзеге асырылған “ JER ECO HUB” жобасына Құрманғазы ауданынан мектеп оқушыларынан құралған “Құрманғазы Эко” тобы үлкен қызығушылықпен қатысып, үздік нәтижелерге қол жеткізді.

Алғашқы іріктеуде 25 команда қатысқан байқауда, біз өз жобамызды сәтті қорғап, үздік 12 команданың қатарына өттік. 

Осы кезеңнен кейін оқушылар әр түрлі бағыттарда оқыту бағдарламаларына қатысып, жаңа білім мен тәжірибе жинады. Атап айтқанда:
SMM
Бюджет жасау негіздері
Ораторлық шеберлік
Әлеуметтік жобалар жасау
Жасанды интеллект негіздері

Барлық оқулар тегін өткізіліп, оқушылардың дамуына зор әсерін тигізді. Мұндай сапалы тренингтер мен білім беру бағдарламалары аймақ балаларына өте қажет екені айқын көрінді.

Кеше, яғни 29 маусымда, жобаның шешуші кезеңі Атырау қаласында өтті. Қорытынды кезеңге 7 үздік команда қатысып, өз экологиялық жобаларын қорғады. Әрбір жоба өзінше ерекше әрі өзекті болды. Қазылар алқасы үшін таңдау оңай болмады.

Бірақ "Құрманғазы Эко" командасы үздік атанып, 1 миллион теңге көлеміндегі грантты жеңіп алды! 
Бұл — оқушыларымыздың алғашқы үлкен жеңісі, Құрманғазы ауданы үшін үлкен мақтаныш!

Қуанышымыз шексіз!

Жобаны ұйымдастыруда аянбай еңбек еткен барша жандарға шын жүректен алғыс білдіреміз!

Жобаның бас демеушісі – "Теңізшевройл" компаниясына шынайы алғысымызды білдіремін. 

Жасыл болашақ жолындағы игі бастамаларыңыз сәтті болып, табысты жобаларыңыз көп болсын деп тілейміз!

Осындай маңызды жобаны қолға алған "Жүректен Жүрекке" Гульбарам ЕрмухановаСаматқызына қоғамдық қорының өкілдеріне, "Жер Эко Хап" жобасының Асылханым Ахмурова@Гумарова Асель жетекшілері мен ұйымдастырушыларына мың алғыс айтамыз.

Әрбір қатысушының қабілетін ашып, оларды қанаттандырып, тың идеялар мен жаңа білімге жол сілтегендеріңіз – үлкен іс, баға жетпес еңбек.
Балалардың дамуына жасаған шынайы қолдауларыңыз, шын мәнінде, олардың болашағына жол ашты.

Жетістікке жету жолында қолдау білдірген Құрманғазы Аудандық Білім БөліміҚұрманғазы аудандық білім бөліміне, жанашыр ата-аналарға, еңбегімен жарқыраған шәкірттерімізге және барша қолдаушыларға шын жүректен алғыс білдіреміз!
Бұл жеңіс – бәріміздің ортақ жетістігіміз!

Осындай игі бастамаларыңыз көп болсын!

Шығармашылық табыс, шабыт пен амандық тілейміз! Экология – ауыл мен аудан үшін маңызды сала. Осындай жобалар арқылы өскелең ұрпақ табиғатқа жанашырлықпен қарап, қоршаған ортаны қорғауға үлес қосып келеді. Бұл – болашаққа жасалған үлкен қадам.

Қуанышымыз құтты болсын! Алда алар асуларымыз көп болғай! 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT