Жасы үлкенді қадірлесе, құт болар

(0 Votes)

«Жетпістен жасы асқанда,

Сексенге аяқ басқанда,

Жастар елеп келмесе,

Иіліп сәлем бермесе,

Күнде асыл кисе де,

Қартайғанда ер жетім» деп заманында Қашаған жырау ғибратты сөз қалдырып кеткен екен. Сол айтқандай үлкендерге лайық сый-құрмет көрсетіп отыру жасы кішінің парызы екені сөзсіз. Көрісу айтында аудандық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімінің басшысы Асқар Мұфтах сексен жастың сеңгіріне көтерілген Самат Мұқышевтың шаңырағында болып мерейлі жасымен құттықтады. Мерейгердің иығына шапан жауып, игі тілектерге толы құттықтау хатын табыстады. Самат Мәмбетұлы ұзақ жыл аудандық статистика саласын басқарып, елеулі еңбегімен ел есінде қалды. Өлкеміздің өркендеуі жолында маңызды қызмет атқарды. Ақсақал бір ғимарат астында еңбек еткен күндерді ұмытпай сәлем беріп, мерейжасымен құттықтап жатқанына ризашылығын білдірді. – Үйде отырған зейнеткер болғаныммен күнделікті теледидардан, газеттерден жаңалықтарды қадағалап отырамын. Барыс жылы бірқатар қиындықтармен басталды ғой, әр нәрсенің бір қайыры болады деген келер күндерден күтерім көп. Жаңа Қазақстан құрамыз деген идеяны қуана құптаймын. Бастысы елдің тыныштығы болсын, - деп ақ батасын берді.

Айбек НӘЖІМОВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT