Жастармен «Quiz» интеллектуалдық ойынын өткізді

(0 Votes)

Аудандық ішкі саясат бөлімі мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясында «Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ» тақырыбында Теңіз ауылдық округінде орналасқан «Қиғаш» демалыс базасында  жастармен шара  ұйымдастырды.

Аталған шараны «Жаныңдамын» қоғамдық қорының төрайымы, Атырау қалалық мәслихатының  депутаты  Мира Есниязова жүргізді. Оған  Құрманғазы, Теңіз, Бірлік, Сафон, Кудряшов, Орлы,Нұржау, Еңбекші ауылдық округінің жас мемлекеттік қызметшілері қатысты. Шараны аудандық ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі Мерей Әжігереев ашып, кіріспе сөз сөйлеп, мақсатын түсіндіріп, қатысушыларға сәттілік тіледі. Түрлі топтарға бөлінген жастар өздеріне берілген сұрақтар бойынша  бақ сынады.

Бізбен әңгімесінде аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Мерей Есенгелдіұлы:

– Бүгін аудандық ішкі саясат бөлімінің ұйымдастыруымен мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясында үлкен шара – семинар-тренинг, «Quiz» интеллектуалдық ойыны өтіп жатыр. Оған сегіз ауылдық округ қатысуда. Жалпы мақсат қоғамдағы, күн тәртібіндегі өзекті мәселе – сыбайлас жемқорлыққа жол бермеу, алдын алу бағытында жастармен басқосу, тембилдинг форматында табиғат аясында бой сергіту. Алайда, ауа райының қолайсыздығына байланыста ғимараттың ішінде өткізудеміз. Жастардың қатысуы жақсы. Әрқайсысында бес адамы бар тоғыз команда сайысқа түсуде. «Quiz» ойынының өзінің жүлделік қоры бар. І орынға – 70, ІІ орынға – 50, ІІІ орынға – 30 мың теңгелік сертификаттар табыс етіледі. Сонымен қатар, ойын соңында «Үздік ойыншы» аталымына 25 теңге қаржылай  сыйлық бар, оны да береміз, – деді. 

«Quiz» ойынының қорытындысымен І орынды Еңбекші Upgrade командасы еншіледі. ІІ және ІІІ орындарды Нұржау мен Құрманғазы командалары алды. Құрманғазы командасының ойыншысы Эльвира Рахметуллаева «Үздік ойыншы» атанды.

Қанат ҒҰМАРОВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT