Жастарға жаңа - мүмкіндік

(0 Votes)

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы еліміздің дамуына жаңа серпін беретін тарихи құжат деп білемін. Бұл Жолдау елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына ғана емес, саяси жаңғыруына, жастардың әлеуетін арттыруға бағытталғаны біз үшін қуанышты. Жолдауда көтерілген басты бағыттардың ішінде жастарға ерекше мән берілгенін айқын көреміз. Біріншіден, болашақта орын алатын саяси реформалар, яғни бір палаталы парламентке көшу бастамасы. Бұл - жастардың ел басқару ісіне араласуына мүмкіндік береді. Екіншіден, цифрландыру және жасанды интеллект саласын дамытуға бағытталған арнайы министрлік құру бастамасы жаңа мамандықтар мен жұмыс орындарының ашылуына себепкер болады. Жастардың креативтілігі мен ізденімпаздығы Қазақстан цифрлық дәуірге жетелейтін басты күшке айналары анық.

Үшіншіден, аграрлық секторды дамытуға назар аударылуы ауыл жастары үшін қолайлы болғалы тұр. Агроөнеркәсіп саласындағы жаңа жобалар жастарды кәсіпкерлікке баулып, халықаралық деңгейге шығуға жол ашады. Тәртіншіден, әлеуметтік қолдау жастарымыздың елде қалып, өз болашағын Қазақстанмен байланыстыруға ынталандыратын шара болмақ, біздің ертеңімізге деген сенім.

Осы бастамалардың барлығы жастарға сенім артылып отырғандығының белгісі. Біз, жастар елдің болашағы ретінде бұл мүмкіндіктерді тиімді пайдаланып, еліміздің дамуына үлесімізді қосуға дайынбыз. Жолдау – тек жоспар емес, ол бізді нақты әркетке шақыру деп түсінеміз. Жастар үшін ашылған бұл жаңа дәуір – ел болашағының жарқын кепілі.

Нұртілек БАТУОВ,

аудандық жастар ресурстық орталығының басшысы

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT