Жастарға 2,5 пайызбен 5 млн теңгеге дейін несие берілуде

(0 Votes)

Құрманғазы ауданында кәсіпкерлікті дамытуға арналған ұлттық жоба аясындағы қолдаулар, ауыл жастарына жеңілдетілген несие беру жолдарын түсіндіру бағытында жиын өтті,- деп хабарлайды аудан әкімінің баспасөз қызметі.

Жиынға аудан әкімінің міндетін атқарушы Нұрлыбек Қалиев төрағалық етіп, күн тәртібінде негізгі мәселені таныстырды.

Аудандық кәсіпкерлік және туризм бөлімі басшысы Нұрлыбек Төлепов жеңілдетілген несие шарттарын түсіндіру бағытында хабарлама жасады.

«Кәсіпкерлік қызметті бастағысы келетін немесе кәсіпкерлікпен айналысатын 21 жастан 35 жасқа дейінгі жастар үшін конкурстық негізде микрокердит беру көзделген. Микрокредиттер «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ арқылы берілетін болады. Номиналды сыйақы мөлшерлемесі жылдық – 2,5 пайыздан аспайды. Қарыздың ең жоғары сомасы 5 млн. теңгеге дейін және ол үшін кепілдің болуы міндетті. Кепілге жылжымайтын мүлік немесе арнаулы техника салынады. Несиені кез келген мақсатта 5 жылға дейін, ал мал шаруашылығына 7 жылға дейінгі мерзімге алуға болады. Сондай-ақ, негізгі берешек пен сыйақыны өтеу бойынша жеңілдік кезеңі көзделген, ол микрокредиттеу мерзімі ұзақтығының 1/3 аспайды. Оператор болып табылатын мекеме «Аграрлық кредиттік корпорация» АҚ-ға қажетті құжаттар тізбесін тапсырған соң, жобалар облыстық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы арқылы құрылған бизнес жобаларды қарау бойынша өңірлік комиссияда қаралып, мақұлданған соң қаржыландыру жүргізіледі. Қазіргі уақытта біздің ауданымыз бойынша 27,8 млн теңгені құрайтын 6 жоба мақұлданды. Аталған жобалар бойынша 5 жоба мал шаруашылығын дамытуға, 1 жоба автокөлік сатып алуға бағытталған. Бөлім тарапынан ауыл жастарын ақпараттандыру мақсатында 19 ауылдық округте жиындар өткізіліп, кеңестер берілді» деді хабарламасында Н.Төлепов.

Сонымен қатар, бөлім басшысы округ әкімдеріне бұндай ұтымды мүмкіндікті ауыл жастарына, соның ішінде жұмыссыз жүрген жастарға кең көлемде насихаттау керектігін айтты.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT