Жастарды қолдау - басты назарда

(0 Votes)

Ауданымызда алғаш рет «Нұр Отан» партиясы жанынан Жастарды қолдау жөніндегі қоғамдық кеңес құрылды.

Аталмыш партияның сайлау алды бағдаламасына сәйкес құрылған бірлестіктің мақсаты - жастарға артылған жұмыстардың нәтижелі болуы мен орындалуын басты назарда ұстау. Жастарды әлеуметтік тәжірибеге тарта отырып, оларға өзін-өзі дамытуда әлеуеттік мүмкіндіктері туралы ақпарат беру, ғылыми, шығармашылық жағынан камтамасыз ету және кәсіпкерлік белсенділіктеріне қолдау білдіру. Жаңадан қаланған кеңестің төрағасы лауазымына аудандық мәслихат депутаты Талғат Жұмалиев сайланып, іргесі қаланған кеңестің бірінші отырысы болып өтті. Оның құрамына өңірдегі жастар ұйымдарының жетекшілері мен көшбасшылар кірістіріліп, алға қойған жұмыстардың жылдық жоспары бекітілді.

5ca5ae14-012a-40c3-a11b-2b012e660d37

Жастар ресурстық орталығының басшысы Ернар Боранғалиев күн тәртібіндегі мәселелермен таныстырып, баяндама оқыды. Онда ағымдағы жылдың жастар саясатын іске асыру мақсатында 60-қа жуық іс-шара өткізілу бекітілгенін айтты. Десе де, пандемиялық жағдайларға байланысты көптеген шара тоқтап тұр. Осы уақытқа шейін офлайн режимдегі шаралар карантиндік талапқа сай өтіп, онлайн режимдегі жобалар орталықтың әлеуметтік желісінде тікелей эфир арқылы өткізілді. Кездесуде Жастар қоғамдық кеңесінің жұмысы жайында баяндаған Талғат Серікбайұлы жаңа қоғамдық бірлестіктің қызметі негізгі бес бағытта жүретінін жеткізді. – «Жалпы жұмыс жоспарының ішіндегі бірнеше өзекті тақырыптарды қаперге алдық. Әр ай сайын түйткілді мәселелерді басты назарда ұстап, оны орындау міндетіміз болып табылады. Соның ішінде ауданға қажетті тері,жүн өңдеу, агроөнеркәсіп, темір өңдейтін токарь мамандығына икемді жастарды бір жылдық немесе алты айлық курспен оқытып, ауданға әкелу жолдарын қарастыратын боламыз. Сонымен қатар жастардың азаматтық, әлеуметтік, тұлғалық қалыптасуын және олардың әлеуметтік, инновациялық салада дамуына жағдайлар жасап, алға қойған мақсаттарға жетуде ойға алған міндеттерді жүзеге асырамыз»,-дейді төраға.

Жайдарлым Қайреден

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT