Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай Кудряшов ауылдық округінің әкімінің колдауымен, спорт әдіскерінің ұйымдастыруымен жастар арасында стритбол мен волейболдан екі күндік спорттық сайыс өтті.
Оған округе қарасты ауылдардан стритболға - 4, волейболға - 7 команда қатысты. Тартысты өткен стритболда Ғ. Мүсірепов атындағы жалпы орта мектебінің мұғалімдері 1-орынды жеңіп алса, 2-орын "Кудряшов-1", 3-орын "Кудряшов-2" тобына бұйырды.
Сонымен қатар, шаршы алаңдағы волейболдан мүсіреповтік ұстаздар бас жүлдені қолдан бермей, 2-орынға Кудряшов жастары ие болды. Ал, Арна командасы 3-орынды қанжығалады.
Айта кетейік, салауатты өмір салтын насихаттаған додаға "Каспий Таң" ЖШС демеушілік жасап, жеңімпаздарға мақтау қағазы мен ақшалай сыйлық табыс етті.
Нұрлыбек Сәрсенғалиев,
Кудряшов ауылдық округінің спорт әдіскері