Жастар спорт кешеніне зәру

(0 Votes)

Белсенді жас Ернар Боранғалиев аудан көлемінде Сафон, Жаңаталап, Нұржау, Еңбекші, Дыңғызыл, Бірлік және Құрманғазы ауылдық округтеріне ангар типті спорт кешендерін салу жөнінде ұсынысын ортаға салып, орталық стадионды қайта жаңғыртудың ретін қарастыруды сұрады.

-Сафон, Жаңаталап, Нұржау, Еңбекші, Дыңғызыл, Бірлік және Құрманғазы ауылдық округтеріне ангар типті спорт кешендерін салуға жобалық сметалық құжаттама байламын жасақтау үшін 42,0 млн. теңге қажет етіледі. Бәрін бірдей қатар салудың мүмкіндігі болмас. Жоспарға қойып, кезең-кезеңімен іске асырылуына қаржы бөлінсе деген тілегіміз бар. Енді Құрманғазы ауылындағы орталық стадионды қайта жаңғыртуға «WestKaros» ЖШС-і жобалық сметалық құжаттама жасақтауда, биыл аяқталады деген үмітіміз бар. Содан соң қаржы көзін қарастыруға жұмыстанамыз, - деді аудан басшысы Қайрат Нұртаев.

А.Шакупова

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT