Жастар ресурстық орталығына жаңа басшы тағайындалды

(0 Votes)

Құрманғазы ауданының ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту, спорт бөлімі мемлекеттік мекемесінің «Жастар ресурстық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне жаңа басшы тағайындалды, деп хабарлайды аудан әкімінің баспасөз қызметі.

Аудандық ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту, спорт бөлімі басшысы Зияда Садуахасқызы орталықтың жаңа басшысы Аян Жексенбайды ұжымға таныстырып, жауапты міндет - аудан жастарымен бірлесіп атқарар жұмыста сәттілік тіледі.

Жексенбай Аян Жексенбайұлы 1999 жылы 5 желтоқсан айында Құрманғазы ауданында дүниеге келген.

2016-2022 жылдары Батыс Қазақстан Инновациялық-Технологиялық университетін, Инновациялық-Технологиялық факультетін «Ветеринарлық медицина» мамандығы бойынша аяқтаған.

Еңбек жолы: - 2022-2023 ж.ж «Кублей» ЖШС – ветеринарлық дәрігер.

- 2023 жылдан күні бүгінге дейін Атырау облысы ішкі саясат басқармасының «Қоғамдық келісім» КММ-нің Құрманғазы ауданы бойынша сарапшы маманы.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT