Жастар ресурстық орталығында - жаңа басшы

(0 Votes)

Құрманғазы аудандық "Ішкі саясат, мәдениет және тілдерті дамыту" бөлімі басшысының 2020 16 науыздағы №10 бұйрығымен аудандық жастар ресурстық орталығыны басшысы қызметіне Борангалиев Ернар Серікұлы тағайындалды.

Борангалиев Ернар Серікұлы 1991 жылы 19-шы қаңтарда Құрманғазы ауданы Ганюшкино селосында дүниеге келген. Абай атындағы қазақ орта мектебінің түлегі. Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінен "Мемлекеттік және жергілікті басқару" мамандығы бойынша білім алған. Алғашқы еңбек жолын 2012 жылы Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің Жастар саясаты орталығының маманы қызметінен бастап, кейін Жастар ісі жөніндегі комитет төрағасы қызметінде болған.

Университет қабырғасында жүріп қазақша квн ойындарынан Атырау қаласының екі дүркін чемпионы, республикалық сайыстардың жүлдегері және бірнеше мәрте үздік ойыншысы атанған. 2017 жылдың қазан айынан бастап Атырау облысы Дін істері басқармасының "Ақпараттық-талдау орталығы" КММ-нің маманы ретінде қызметке алынып, кейін "Аудандық жұмыстарды ұйымдастыру" бөлімінің басшысы қызметін 2020 жылдың наурыз айына дейін атқарған. Отбасылы.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT