Құрманғазы ауданының ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі мемлекеттік мекемесінің «Жастар ресурстық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне жаңа басшы тағайындалды. Аудан әкімінің орынбасары Г.Хасанова ұжымға жаңа басшыны таныстырып, жауапты міндет - аудан жастарымен бірлесіп атқарар жұмыста сәттілік тіледі.
ҚАЗИХАНОВ БЕКЗАТҚАЛИ АБАТҰЛЫ 1997 жылы 29 маусым айында Құрманғазы ауданында дүниеге келген . Абылай Хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдер университетін журналист-ағылшын тілі мамандығы, Қазақстан инновациялық және телекоммуникациялық жүйелер университетін заңгер мамандығы бойынша аяқтаған.
- 2017 жылы Алматы облысы «31 арнада» тілші
- 2018 жылы «PRO sport» арнасында редактор
- 2018-2019 жылдары Құрманғазы аудандық «Серпер» газетінде тілші
- 2021-2022 жылдары Қазақстан Халқы Ассамблеясы Құрманғазы ауданы бойынша сарапшы маман
- 2022 жылдан осы кезге дейін аудандық ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінде бас маман қызметтерін атқарған.
Құрманғазы аудан әкімдігінің баспасөз қызметі