Жастар күні аталып өтті

(0 Votes)

Халықаралық жастар күні жыл сайын 12 тамызда атап өтілетін, жастардың қоғамдағы рөлін, белсенділігін және әлеуетін айқындайтын маңызды күн.

Бұл мерекенің мақсаты – жас буынның мәселелеріне назар аудару. Жастар – елдің болашағы ғана емес, бүгінгі дамудың да қозғаушы күші. Олардың білім алуына, еңбектенуіне, шығармашылықпен айналысуына, кәсіпкерлік бастамаларын іске асыруына мүмкіндік беру – әрбір қоғамның басты міндеті. Қазіргі жастар білімге құштар, ізденімпаз, үйренуге және жаңашылдыққа ашық. Жас болудың өзі – әдемілік.

Халықаралық жастар күніне орай өткен «ZhastarParty» шарасының шымылдығы «Гаухартас» би тобының «Заманауи биімен» ашылды. Сахнаға көтерілген аудан әкімінің орынбасары Амангелді Мұратов жалынды жастарды мерекемен құттықтап, «ЛотосФест-2025» халықаралық фестивалінде волонтерлік қызмет атқарған бір топ аудан жастарын аудан әкімінің Алғыс хатымен ұлығылады. Келесі кезекте қыз-жігіттер үндеу жариялап, ант берді.

Марапаттау легін аудандық мәслихат төрағасы Гүлжанат Қалиева, «Amanat» партиясы Құрманғазы ауылдық бастауыш партия ұйымының төрағасы, С.Көшекбаев атындағы аудандық мәдениет үйінің директоры Жалғас Сағындықов, аудандық жастар ресурстық орталығының басшысы Нұртілек Нұрбекұлы жалғастырып, ақжарма тілегін білдірді.

Салтанатты шарада өнерлі жастардың концерттік бағдарламасы тамашаланып, соңы би кешіне ұласты.

Айнагүл Шакупова

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT