Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен, Қазақстан Республикасының Ұлттық академиялық кітапханасының ұйымдастыруымен 24 қазан – Кітапханашылар күні мерекесіне орай және Республика күні қарсаңында республикалық «ЖАС КІТАПХАНАШЫ 2023: ЖАҢА МҮМКІНДІКТЕР УАҚЫТЫ» атты жастар форумы өтуде.
Форумға ауданымыздан Құрманғазы аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесінің әдіскері Садықова Ақмоншақ Төреханқызы қатысуда.
Форумда ұйымдастырылған «QUIZ» интеллектуалдар сайысына қатысып, форумды әлеуметтік желіде белсенді насихаттағаны үшін арнайы Диплом және ақшалай сыйлықпен марапатталды.