Жастар бірауыздан қолдайды

(0 Votes)

Мемлекет басшысының бүгінгі Үндеуін толықтай қолдай отырып, елімізде кезектен тыс сайлау өткізу – маңызды шешім деп есептейміз. Біздер, жастар бұл саяси оқиғаға асқан жауапкершілік танытып, ел мүддесі, тұрақтылығы үшін бір кісідей атсалысуымыз қажет.

«Біз Елбасымыздың арқасында тәуелсіз, қуатты мемлекет құрдық. Қазақстан халықаралық жүйеде өзіне лайықты орнын алды. Бізді ықпалды және белді мемлекет ретінде бүкіл әлем мойындайды. Қазіргі таңда тарихи кезеңді бастан өткеріп отырмыз. Жоғары билік заңды және бейбіт жолмен ауысты. Бүкіл әлем қоғамдастығы осы оқиғаны түсіністікпен және құрметпен қабылдады.

Мемлекет басшысы ретінде мен өзімнің міндетімді және жауапкершілігімді терeң сезінемін», - деді Қ.Тоқаев. Мемлекет басшысы атап өткендей, біз өзгерісі қым-қуыт әрі жылдам әлемде өмір сүріп жатырмыз. Өзгерістер процесі өте тез болып жатыр. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев егемендік жылдары еліміздің әлемдік сахнадағы беделі мен орнын нықтап, дамудың қазақстандық үлгісін қалыптастырды. Тәуелсіздік жылдары халықтың әл-ауқаты артып, тұрмыс деңгейі көтерілді. Бұл жақсы үрдісті одан әрі жалғастырып, дамудың келесі сатысына өту қажет. Сонымен қатар, Елбасының бастамасымен қолға алынған игілікті бағдарламалар мен бастамалар өз жалғасын табуы тиіс деп ойлаймын. Атап айтқанда, олардың қатарында «100 нақты қадам» Ұлт жоспары, «Рухани жаңғыру» бағдарламасы мен "Ұлы даланың жеті қыры" мақаласында көрсетілген басым бағыттар мен жобалар бар.

2019 жылды Елбасы «Жастар жылы» деп белгіледі. Сондықтан алдағы саяси науқанда жастық жалын жігерімізді көрсетіп, елдің бірлігі мен бейбітшілігін қалаған қыз-жігіттер ретінде Қазақ елінің жарқын болашағы үшін дұрыс шешім қабылдауға тиіспіз. Оның үстіне сайлаудың демократиялық, таза, әділ өтуіне мен өзім кепіл боламын деген Президент сөзі көкейге қонымды естілді. Өз замандастарымды алдымыздағы ауқымды міндетті абыроймен атқаруға шақырамын!

Қайыржан Бауыржанұлы,

аудандық жастар ресурстық орталығының бас маманы.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT