Жастар ауыл тазалығына белсене кiрicтi

(0 Votes)

Бүгін Құрманғазы ауылдық округінің Мон-Бан ауылының жігіттері Батыс жақ бөғеттен бастап, Шарон өзенiндегi мал өткеліне дейінгi аралықты тазалап шықты.

 Ұйымшылдықпен кiрicкен жастар жаға бойындағы қоқыстарды жинап, қураған ошағандарды жұлып, өртеп жіберді. Тазалық ертең де жалғасады. Жастармен бірге сенбілікке атсалысып, осы жұмыстың басы-қасында жүрген ауыл тұрғыны Жандос Бектеміров:

- Ауылымыздың таза тұрғаны өзiмiз үшiн пайдалы. Тұрғындарды тазаланған жерді қайта қоқытпауға шақырамыз. Сонымен қатар, алға қарай бөгет астын қоршап терек екпек ойымыз бар. 50 шпал алып қойдық. Соны 4-ке бөлiп, соқа ретiнде пайдаланып, тiкенек сыммен қоршаймыз. Содан кейін жаға бойынан бастап, iшiне терек отырғызамыз. Осы сауапты icтен ауыл тұрғындары шеттеп қалмай қаражатпен көмектессе екен дейміз. Ортақ ic қой, - дейдi.

Әрине, ауылымыз жасыл желекке малынып тұрса елді мекеннің сәнi кiрiп, ауамыз тазарады. "Көл тамшыдан құралады" деп айтқандай, қажеттi материалдарды алуға әркiм шама-шарқына қарай қаржылай көмектессе нұр үстіне нұр болар еді.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521