Жастар арасында волейболдан турнир өтті

(0 Votes)
Жастар арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру, бұқаралық спортты дамыту, жастардың бос уақытын тиімді пайдалану мақсатында Құрманғазы ауылы ПМК жастары арасында волейболдан жыларалық турнир болып өтті.
 
Жастар арасында достықты нығайту, ауылымызда волейбол спортын дамыту мақсатында ұйымдастырылған турниріне 8 команда қатысты. Командалар 4 топқа бөлініп, топтық кезеңде өзара мықтыларды анықтап, жеңіске жеткен командалар финалдық кезеңге дейін турнир көркін қыздырып, жанкүйерлерге тамаша көңіл күй сыйлады.
 
Жарыс қорытындысына сәйкес
 
І орын - 1990-1991 жылғылар
 
ІІ орын - 2007-2008 жылғылар
 
ІІІ орын - Ардагерлер иеленді.
 
Үздік ойыншы: Тлеугалиев Қайырболат ағамыз марапатталды.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT