Жастарға зор мүмкіндік

(0 Votes)

Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев мәлімдемесінде халық күткен реформалар мен жаңашылдықтарды баса айтты.

Ол тоқталып өткен мәселелердің ішінде менің ең бір ойымнан шыққаны мемлекеттік қызметтегі кедергілерді жою болды. Мемлекет басшысы бұл салаға кешенді реформа керектігін айтып, Үкіметке алдағы уақытта кадрлық әлеуеттің төмендігі, жемқорлық, кадр тапшылығы сияқты бірқатар кемшіліктер мен өзекті мәселелерді шешуді тапсырды. Сондай-ақ бұл салада қызметке алу талабын жетілдіру қажеттігі де аталып өтілді. Бұл еліміздегі мемлекеттік қызметте еңбек еткісі келетін жастар үшін өте маңызды. Себебі мемлекеттік қызметке келгісі келетіндер үшін еш кедергі болмауға тиіс. Кез келген жоғары білімді азамат елі үшін адал қызмет еткісі келсе, бұл тұрғыда ешқандай қиындық болмағаны жөн. Президент осылайша жастарға зор мүмкіндік пен әрі қарай дамуға үлкен серпін берді.

Еліміздің болашағы — жастар десек, қай салада болсын жастарға мол мүмкіндік берілуі керек. Сонда ғана олар елімізді дамытып, әр салада абыройлы еңбек ете алады. Мен Президенттің барлық бастамалары мен реформаларын қолдай отырып, баршаңызды біріге еңбек етіп, бірлікте болуға шақырамын.

 

 

Ұлан Иманғалиев, ҚР Журналистер Одағының мүшесі

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521