Жастарға жағдай жасалады

Facebook парақшасынан
(0 Votes)

Сайлауда 81,31% дауыс жинап, басым түскен Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлының сайлауалды бағдарламасы  бұған дейін қазақстандықтар назарына ұсынылды. Бағдарламасында маңызды мәселелер қозғалды. Соның ішінде жастарға жағдай жасау да назардан  тыс қалмады.

Жастар – еліміздің ертеңі, қоғамның қозғаушы күші. Мемлекет тірегі! Олардың жалын атқан жас шағында кіндік қаны тамған туған жеріне, өскен ортасына, сүйікті Отанына пайдасын тигізуіне бүгінде барлық жағдай жасалуда. Президентіміздің  бағдарламасында 3,3 млн. жаңа жұмыс орны, оның ішінде жастар үшін 2,3 млн. жұмыс орны ашылатыны, жас кәсіпкерлерге 2,5% жеңілдікпен несие берілетіні және мемлекеттік жастар саясаты толығымен қайта қаралатыны айтылды. Енді, «Жастар үшін» қағидаты «Жастармен бірге» қағидатына ауыстырылмақ. Сол сияқты «7-20-25» бағдарламасы бойынша ипотекалық несиелендіру жалғаспақ. Жыл сайын «Тәуелсіздік  ұрпақтары» гранттары беріледі.  Жетім, ата-ана қамқорлығынсыз қалған балаларды асырап алған отбасыларға  оларды орналастырудың баламалы нысаны енгізілмек. Сонымен қатар, табысы төмен отбасындағы 1 жастан 6 жасқа дейінгі балаларға арналған кепілдендірудің әлеуметтік пакеттегі көмегі енді азық-түліктен ақшалай түрге ауыстырылады. Ұлт байлығын үнемді әрі тиімді пайдаланып, елдің әр азаматы оның игілігін көретіндей жағдай жасау Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев көздеген маңызды бағыттар қатарында. «Біз балаларымызға барынша жайлы оқу жағдайын жасаймыз – оларды заманауи, әрі қауіпсіз балабақшамен, мектеппен, тегін тамақпен, қосымша біліммен, жылдам интернетпен қамтамасыз етеміз», дейді  өз бағдарламасында. Міне, Президентіміздің  сайлауалды бағдарламасындағы осындай жобалар  жүзеге асса, біз азаматтарына барлық жағдай жасалған қуатты Қазақстанға айналамыз. Сондықтан Мемлекет басшысына қолдау көрсетейік, бірлігіміз берік ел екенін әлемге тағы да танытайық.

Гауһар Болатбаева,
жеке кәсіпкер.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT