Жасанды желдету аппараттарын табыс етті

(0 Votes)

Асан ауылдық округінде болған аудан әкімі Қ.Нұртаев Бауыржан Момышұлы атындағы орта мектепте болды.

Білім ұясы жанында орналасқан медпунктке барып, дәрі-дәрмектермен қамтылу жайын сұрады. Осындағы дәрігер Гүлфайруз Мерекееваның айтуынша ауылда індет жұқтырғандар тіркелмеген. Тек жеңіл пневмониямен бірнеше адам ауырып, сауығып шыққан.

Айтуынша көлік мәселесі қиындық тудырып отыр. Үштаған мен Асанның ортасында жүретін бір көлік бар, оның да дөңгелегі тозған.

Дәрігермен әңгімесінде аудан әкімі Қайрат Талапұлы:

– Облысқа 29 өкпені жасанды желдету аппараттары келді. Соның алты данасын Азғырға бердік. Енді бүгін алыс жер ғой деп, Атырау қаласындағы «Иманғали» мешітінің демеушілігімен алынған осындай аппаратты өңірдегі үш округке тағы да бір-бірден әкеліп отырмыз. Ауру шықпағаны дұрыс, бірақ, «Сақтықта қорлық жоқ», деген бар. Қажет бола қалса қолданарсыздар, - деді.

img_2773

Аудан басшысы одан әрі мектептің жылу беру жүйесінің жұмысымен танысты. Мұнда 1 айға жететін дизель отынының қоры бар екен. Білім ордасында оқушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін салынып жатырған әжетхана жұмыстарын қарап, оның барысына орай өз тапсырмасын берді.

img_2782

img_2784

Қ.ҒҰМАРОВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521