Жасанды интеллект тақырыбы – жастар үшін маңызды

(0 Votes)

Мемлекет басшысы өте маңызды стратегиялық мақсат қойып отыр. Қазақстан үш жыл ішінде міндетті түрде жаппай цифрлық елге айналуы керек. Бүгінде цифрлық технологиялар экономикада да, күнделікті тұрмыстық үдеріске де дендеп енді. Сондықтан дұрыс бағыт – көштен қалмау, керісінше, әлемдік үдерістермен қатар қадам басу.  Президент тұжырымдағандай, біз жаппай цифрландыру және жасанды интеллект технологиясын барынша енгізу арқылы экономиканы жаңғыртуымыз қажет. Ол үшін ең алдымен Цифрлық кодексті тезірек қабылдаған жөн. Қазақстанды ЖИ дәуірінде аймақтық көшбасшы елге айналдыру – маңызды миссия. Әрине, көш ілгері кеткен АҚШ пен Қытайға жету мүмкін болмас. Десе де, ЖИ арқылы экономикалық серпіліс жасап, дамыған елдер қатарына қосылуға болады. 

Цифрландыру тақырыбы, әсіресе, жастар үшін маңызды. Олар жаңа дүниені тез қабылдайды. ІТ саласында еңбек еткісі келеді, өз жобаларын іске қосуға ұмтылады. Ал мемлекет оларға қажетті құралдарды беруі тиіс. Бұл тұрғыда стартап экожүйесін дамыту, мектептерге жасанды интеллект бойынша сабақ енгізу, жас мамандарды қолдау бағдарламаларын іске асыру – артықшылық емес, шынайы қажеттілік. Алайда  технологиялар өздігінен барлық мәселені шеше алмайды. Ең бастысы – цифрлық сауаттылық. Жаңа сервистер пайдалы болу үшін адамдар оны қолдана білуі керек. Бұл тек жастарға ғана емес, ересек буынға да, мемлекеттік қызметшілерге, мұғалімдер мен дәрігерлерге де қатысты. Егер әркім заманауи құралдарды еркін меңгерсе, цифрландыру шын мәнінде жалпыға ортақ сипатқа ие болады. 

Мархат Гумарова,
Құрманғазы аудандық жастар ресурстық орталығының бас маманы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT