Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу» атты Жолдауы – еліміздің болашағын айқындайтын маңызды стратегиялық құжат. Президент бұл жолғы үндеуінде қазіргі заманның басты талабы – технология мен білімге негізделген қоғам қалыптастыру екенін атап өтті.
Жасанды интеллектті дамыту – тек цифрлық жаңғыру емес, ол экономиканы, білімді, денсаулық сақтау мен мемлекеттік басқаруды жаңа деңгейге көтерудің жолы. Осы бағытта қабылданған шаралар еліміздің халықаралық деңгейдегі бәсекеге қабілеттілігін арттыруға мүмкіндік береді.
Жолдауда айтылған әрбір бастама – қоғамның барлық тобына, соның ішінде бизнеске, білім саласына және ғылым өкілдеріне зор мүмкіндік тудырады. Ең бастысы – адам капиталына, яғни білім мен кәсіби шеберлікке ерекше мән берілген. Бұл – Қазақстанның дамудың жаңа кезеңіне батыл қадам жасап отырғанының белгісі.
Президент Жолдауы – заман талабына сай ойластырылған, елдің инновациялық болашағын айқындайтын нақты бағдар. Оны іске асыру – баршамыздың ортақ міндетіміз.
Серикбаева Гулдана


