Жас жол инспекторы форумға қатысты

«Жас жол инспекторлары» үйірмесінің мүшесі Мадина Байдабаева жетекшісі Нұрлы Бисеновамен
Фото: Н.Бисеновадан
(0 Votes)

Алматы қаласында Vision Zero ALMATY «Жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету: мемлекет, бизнес және қоғамның өзара іс-қимылы» тақырыбында ауқымды форум ұйымдастырылды.

Оған М.Әуезов атындағы жалпы орта мектептің оқушысы, «Жас жол инспекторлары» үйірмесінің мүшесі Мадина Байдабаева жетекшісі Нұрлы Бисеновамен бірге қатысты.

Шарада спикерлер аймақтардағы жол қозғалысы қауіпсзідігінің стратегиялық дамуы мәселесін талқылады. Статистикалық деректерге сәйкес 2015-2022 жылдар аралығында елімізде орташа есеппен жылына 16 мың жол-көлік оқиғасы орын алады.

Спикерлер осыған қатысты мәліметтерімен бөлісіп, форумның жұмысына сәттілік тіледі. Республикалық «Жас жол инспекторлары» байқауының жеңімпазы Мадина Байдабаева мектептегі үйірменің жұмысымен таныстырды.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT