Жас жол инспекторлары ардагерді құттықтады

(0 Votes)

"1-қазан - қарттар күні" мерекесіне орай М.Әуезов атындағы жалпы орта мектебінің "Тура жол" жас жол инспекторлары және үйірме жетекшісі Н.Бисенова мен аудандық полиция бөлімі бастығының бірінші орынбасары полиция майоры Т.Исаев полиция бөлімінде көп жылдар қызмет атқарған ардагер ағамыз Тілеп Жантөре Тілепұлын шын жүректен құттықтап, жылы лебізімізді білдіріп, алғыс жаудырып қайттық.

Жантөре Тілепұлы 1974 жылы аудандық ішкі істер бөлімінің жүргізуші милиционері қызметінен бастап, мемлекеттік тергеу комитетінің аға тергеуші лауазымдарын абыроймен атқарды. Жұмыс барысында Жантөре мырза да оқушыларды Жас жол инспекторлары сайысына дайындап талай жарыстарда жеңімпаз атанған.

Қазіргі таңда абыройлы атқарған жұмысының зейнетін көріп, немере - жиен сүйіп отырған бақытты отбасы.

Н.Бисенова,

жас жол инспекторларының үйірме жетекшісі

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT