Жас туристер жүлделі оралды

(0 Votes)

Құрманғазы аудандық жас туристер бекеті командасы 2020 жылдын 25-26 ақпан күндері Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданы Чапаев ауылында Қазақстан Республикасына еңбек сіңірген туризм нұсқаушысы Қуаныш Ізімғалиұлы Аққалиевтің жүлдесі үшін жаяу туризмнен кіші топ арасында өткен жарысқа қатынасты.

Жоғары дәрежеде ұйымдастырылған жарыс өте қызықты өтті. Ауданымыздың балғын туристер командасы үлкен тәжірибе жинап туристік техника жарысынан жүлделі ІІІ орын иеленді. Команда құрамында өнер көрсеткен Абай атындағы жалпы орта мектебінің оқушылары Нуржанова Зайна (6а сынып), Самиғолла Алмат (7б сынып) пен Ломоносов атындағы жалпы орта мектебінің оқушылары Ахмедзянов Рамазан (6в сынып) , Бақытбекқызы Асылайды (6в сынып) жеңістерімен құттықтаймыз.

87574048_822768218239599_2838000246145941504_o

87617377_822768221572932_8837514455609769984_o

 

Жас спортшыларымызға дендеріне саулық, бақытты өмір, оқуда және спорттық сайыстарда жаңа табыстарға жетуіне тілектеспіз.

Атаев Адильбек,

жас туристер бекетінің бөлім меңгерушісі

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT