Жас тілшілер форумы

(0 Votes)

Кезекті эстафетаны Қадыр Мырза Әли мектебінен қабыл алған Н.Манаев атындағы жалпы орта мектебі жас тілшілер форумын өткізді.

Шараның шымылдығы жергілікті ақын Н.Нұғмановтың «Тәуелсіздік туымыз» атты өлеңімен ашылды. Алғашқы сөз кезегін алған мектеп директорының міндетін атқарушы С.Бисекенова форумға сәттілік тіледі. Әр мектептен жиналған қатысушы жас тілшілерге тақырыпқа орай сұрақтар қойылды. Форумның қонағы, «Серпер» газетінің бас редакторы А.Шакуповаға журналистиканың қыр-сыры, аудандық басылымның тарихы, тілшілік қызметі жөнінде егжей-тегжейлі әңгімеледі.

Форумға қатысушы оқушылар өз мектептерінде шығарылатын газеттерін таныстырып, жан-жақты сипаттады. Білім ошағының өнерлі өрендері ән мен күйден шашу шашып, «Тәуелсіздік жетістіктері» атты саханлық қойылымын ұсынды. Аудандық білім бөлімінің әдіскері Тоты Меңдіханқызы форумның маңыздылығына тоқталып, ұйымдастырушыларға алғысын айтты. Эстафета кезегі М.Әуезов атындағы жалпы орта мектебіне жолданды.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT